Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ СЫНЫ

c 16:22, 02/02/2023 c 107

0:00 / 0:00

Бас қала-Астананың жол сапасы сын көтермейді. Сыбайлас-жемқорлық символына айналған ЛРТ жобасын тез аяқтау керек. Қаңырап тұрған ЭКСПО қалашығын қажетіне қолдану керек. Астанада азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Жастар арасындағы жұмыссыздық жоғары. Тізе берсек елордамызда шешімі табылмай жатқан шаруа шаш етектен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын дамытудың басым міндеті инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту болып табылады, деп мәлімдеді. Президент бұл жайында елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты.

Еліміздің бас қаласы-Астананың өзінде талай шаруа соңына жетпеген. Президенттің айтуынша, елорда халқының саны 2030 жылға қарай екі миллион адамға жетуі мүмкін. Қала тез үлкейіп келеді. Ал қаланы дамыту жұмыстары кенже қалып жатыр. Тоқаев үкімет пен әкімдікке Астананың инженерлік инфрақұрылымын кешенді түрде дамытуды жүктеді. Әкімдік 10 жылдан бері ЖЭС-3-ті пайдалануға бере алмай келеді. Жобаны аяқтау мерзімі бірнеше рет шегеріліп, жоба құны 53 миллиард теңгеге қымбаттауына себеп болды. Жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің өзінде жылу беру мәселесі туындап отыр. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысы саласында қордаланған проблема көп. Төрт мыңға жуық үлескердің мәселесі әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей тұр. Ал әкімдік ескі, апатты үйлерді сырып тастау жұмысын аяқсыз қалдырған.

Президенттің айтуынша, Астанада рұқсат етілген құжаттары жоқ 90-нан астам тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Әкімдік жер беруде де бұзушылықтар бар. Құрылыс компаниялары жай ғана мардымсыз айыппұл төлеп, азаматтардан ақша тартуын қояр емес. Қалада көлік жүйесі де бір жолға қойлымаған. Кептеліс көп. Автокөлік саны жыл сайын көбейіп жатыр. Шахар басшылығы Тәуелсіздік даңғылында салынып жатқан көпірдің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Кіші айналма жолдың құрылысы созылып кетті. Оның үстіне жаңа тұрғын үй кешендерін салғанда, жол мәселесі толыққанды ескерілмейді деп сынады Тоқаев.Сондай-ақ, қаланың көркін кетіріп, сыбайлас-жемқорлық символына айналған LRT-ға қатысты да сын айтылды. Президент бұл қате жоба болса да, аяқтауға тура келеді деді.

Астанада саябақтар жетіспейді, тұрғындар серуенге шығатын, демалатын орындар аз. Бірақ қала әкімдігі мұны ескермей, құрылысқа рұқсат береді. Тоқаев жаяу адамға арналған көшелерді көбейту қажет деді. Бұл орайда қаңырап бос тұрған ЭКСПО қалашығын пайдалануды тапсырды.

Тізе берсек Президенттің Астана басшылығына айтқан сыны көп болды. Елорда жастары арасында жұмыссыздық өте жоғары. Астанада азық-түлік бір жылда, орта есеппен, 25 пайызға қымбаттады. Әкімдік елорданың айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы жұмысты орындамады. Кейінгі 8 жылда елордаға әкелінетін азық-түлік импорты 3 есеге артты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.