Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ АРҒЫМАҚ МІНІП КЕЛДІ

c 09:51, 26/10/2021 c 1499

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстаннан ат мініп келді. Өткен демалыс күндері қазақ басшысы көрші Түркіменстанға мемлекеттік сапармен барды. Екі елдің Президенттері Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы әріптестік мәселелерін талқылады. Қонағын құр қол жібермеген Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ақалтеке арғымағын сыйлады.

Қазақ басшысының өткен демалыстағы Түркіменстанға сапары ыстық ықыласқа толы болды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Ашхабад жоғары деңгейде қарсы алғаны байқалды. Қазақ басшысының аяғын жерге тигізбек ұшақтан түскеннен ақ кілемнің үстімен жүргізген түркімендер, ақ түсті көлікті ұнататынын аңғардық. Президент кортеджі түгел аппақ автокөлікпен жүрді. Келіссөздің алдында Тәуелсіздік алаңында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті. Дәстүр бойынша Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түрікменстанның әнұрандары шырқалды. Одан әрі Түркіменстан Президент Гурбангулы Бердімұхамедов пен Қазақ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір-біріне ресми делегацияның құрамын таныстырды. Қазақстан жағынан Президентпен энергетика, мәдениет, сауда және төтенше жағдайлар министрлері еріп барған екен. Ақорданың хабарлауынша, сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамындағы келіссөздері өтті. Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас түркімен елімен Стратегиялық серіктестікті дамыту, ынтымақтастықты нығайту мәселелері жеке бақылауында екенін айтты.

Сондай-ақ, Түркімен Президенті сыйлы қонағына Ашхабадтағы Ақалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын көрсетті. Тоқаевтың Түркімен еліне сапарындағы ең әсерлі сәттің бірі- әріптесі Гурбангулы Бердімұхамедовтің сыйлығы болды. Түркіменстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ақалтеке арғымағын сыйға тартты. Көздің жауын алатын тәккаппар арғымақтың бойында мін жоқ. Қазақ басшысы өз ризашылығын жасыра алмады.

Түркімен басшысы Бердімұхамедовтің мырзалығы мұнымен тәмам болмады. Ол Тоқаевтың тазы итін ұнататынын білді ме, арғымаққа қоса, түркімен тазысының күшігін де сыйлады. Осылайша, қазақ басшысы көршіге барып ат мініп, қанжығасы майланып келді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.