Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Православтықтар крещение мерекесін тойлады

c 17:38, 19/01/2022 c 2076

0:00 / 0:00

19-қаңтарда күллі православтық христиандар крещение мерекесін тойлайды. Бұл күні су айдындарында ойықтар ойылып, православтықтар "қасиетті суды" жинап алады. Биыл коронавирус эпидемиясына байланысты өзен-көлдер суына шомылмауға кеңес берілді.

Православтық христиандар 19-қаңтарды асыға күтеді. Бұл күні олар Крещение мерекесін тойлайды. Дәл осы күні өзен-көлдер суы ерекше қасиетке ие болады деген тәмсіл бар. Сол себепті азаматтар ыдыстарын алып, ойықтардан су жинауға асығады.

Мереке жақындаған шақта дәрігерлер қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, азаматтарға суға түспеуге кеңес берген еді. Алайда бұл кеңеске құлақ аспаған жандар да бар. Олар жыл сайын суға түсіп, шынығып жүргендерін айтады.

Православ христиандарының дәстүрі бойынша бұл күні құдайға сыйынып, мінәжат қылу қажет. Ал айдындардан жинаған суды тұрмыста қолдануға болады.

Сурет https://ria.ru/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.