Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Португалиялық инвестор аймақтың әлеуетімен танысты

c 17:13, 28/04/2021 c 995

0:00 / 0:00

Португалиялық инвестор БҚО-на табан тіреді. Шетелдік кәсіпкер өңірдің әлеуетімен танысып көрмек. Ақпарат жинап, өзге шетелдік әріптестерімен бірге мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жұмыс жасауға болатын жобаларды іске асыруы мүмкін.

Арнайы Португалиядан ат арылтып келген инвестор Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында түрлі жобаны атқарып, қыруар қаржы құюды жоспарлап отыр. Шетелдік кәсіпкер жол салып, қоқыс қалдықтарын қайта өңдеп, аурухана тұрғызып, құс шаруашылығы мен электр энергиясын алуды ұсынды. Португалиялық инвестордың компаниясы шетелде жұмыс жасап, әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындап келген. Шетелдік кәсіпкердің сөзіне сенсек, олар құны 1,2 млрд доллар болатын күн сәулесінен қуат алатын станция алып берген.

Өңірдің әлеуетін таныстырған аймақ басшысы облыс үшін маңызды жобаларға тоқталды. Әкім шетелдік мейманға жоба орындалатын болса, инфраструктура мен пайызы аз несиелермен көмектесуге дайынбыз деді. Жиында айтылған жобалардың бірі-бұрын түрме ретінде салынған ғимарат еді. Оны аурухана қылып, жұмысқа қосуды өңір билігі мақсат тұтып отыр.

Кездесу барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асатын жобаның құны мен инвесторға қайтаратын қаржы сөз болды. Шетелдік кәсіпкер ақшасын еуромен аударады екен. Ал қазақстандық теңге құлдырап жатқанын ескерсек, жобаның қайтарым сомасы теңгемен шаққанда бірнеше есе өседі. Жиын барысында осы мәселе де назардан тыс қалмады. Шетелдік инвестор әріптестік аясында қаражат құямыз деп шешім қабылдаса, біраз жоба атқарылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.