Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Полиция учаскелері жаңартылмақ...

c 14:09, 09/11/2018 c 561

0:00 / 0:00

Жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасы жыл өткен сайын қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен толығып  келеді. Алдағы жылдан бастап Облыс орталығындағы  учаскелік пункіттер жаңартылған ғимаратта қызмет ететін болады. Жергілікті полиция қызметі – қалпақпен ұрып алатын оңай жұмыс емес. Полицияның көшелерде, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау мен қоғамдық тәртіпті нығайту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты ашу, қауіпсіздікті сақтау деген қатепті қара нардың жүгіндей міндеттері бар. Бүгінде Облыс орталығында барлығы 24 полиция учаскесі болса олар отырған ғимарттардың тең жартысы жаңару жұмыстарына зәру.

Алтай Көлгінов, БҚО  әкімі: - Бұл орайда жоспарлы жұмыстар бар. Қоғамдағы тәртіпті сақтау бағытында жұмыстар  атақарылады. Келесі жылдан бастап жаңа полиция учаскелері бой көтеретін болады. Жоба бар. Ал жұмыстар облыс орталығынан басталатын болады.

Бұған дейін мәлім болғандай, облыста ұсақ құқық бұзушылық деректері азайып келеді. Ал жаңа жұмыс ғимарттары жұмыс сапасын одан әрі жандандырары сөзсіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.