0:00 / 0:00
Елде пияздың да бағасы қымбаттауы мүмкін бе? Еске сала кетейік, Қазақстанда пияз экспорты үш айға тоқтатылды. Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қазір пиязға сұраныс артып отыр. Себебі пиязбен айналысатын Өзбекстан, Пәкістан, Ресей Федерациясында өндіріс жоқ. Қазір Мәскеу сөрелерінде пияз бағасы 500 теңгеге жетсе, Өзбекстанда 350 теңге тұрады. Ал бұл елден пиязды сыртқа шығару процесін жеделдетіп, ішкі нарық өнімсіз қалуы мүмкін деді. Сол себепті оны сыртқа шығаруға шектеу қойылып отыр. Жұманғариннің айтуынша, Қазақстанда пияздың келісі 170 теңгеге дейін өсті.
Қымбаттамаған не қалмады. Енді міне пияздың да бағасы шарықтап шыға келмесіне кепіл жоқ. Қазақстан көршідегі пияз тапшылығын назарға ала отыра, елде отандық пияз экспортына шектеу қойды. Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, қазір пиязға сұраныс артып отыр. Себебі пиязбен айналысатын Өзбекстан, Пәкістан, Ресей елдерінде өндіріс жоқ. Қазір Мәскеу сөрелерінде пияз бағасы 500 теңгеге жетсе, Өзбекстанда 350 теңге тұрады. Ал пиязды сыртқа тасымалдауды тоқтатпасақ, ішкі нарықты өнімсіз қалуы мүмкін. Сондай-ақ, вице-премьер пияз бағасының да өсуі мүмкін деп отыр. Пияз қор бар, бірақ ол бірнеше айға ғана жетеді.
Вице-премьердің айтуынша, қазақстандықтардың тұтынуына ай сайын 30 мың тонна пияз қажет.
Серік Жұманғарин тілшілердің пияз бағасы қымбаттай ма деген сауалына белгілі бір сомада өсімді күту керек шығар. Мен болжам жасай алмаймын, бұл сұрақ өте субъективті, - деп қысқа жауап қатты. Вице-премьердің айтуынша, Қазақстанда пияздың келісі 170 теңгеге дейін өсті. Алайда, біз бас сұққан елордадағы көкөніс сататын дүкендерде пияздың келісі 250-290 теңгені құрайды. Ал кейбір ірі сауда орындарында пияздың бір келісі 171 теңгеден болса, енді бірінде 116 теңгеге сатылып жатыр.