Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пиротехникалық бұйымдардан қауіп бар

c 12:49, 18/12/2018 c 885

0:00 / 0:00

Сала мамандарының айтуынша мерекелік күндері өрт қауіпсіздік ережелері сақталмай нәтижесінде тілсіз жау орын алып, адам өміріне қауіп төнеді. Оның бір себебі пиротехникалық  бұйымдарды дұрыс пайдаланбау. Сондықтан төтеншеліктер мен жергілікті тәртіп сақшылары бірігіп бүгінде қауіптің алдын алу шараларын қолға алған.

ЕРЛАН ТӨРЕГЕЛДИЕВ,БҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: - Негізінен пиротехникалық заттар сауда орындарында заңсыз сатылады. Осы орайда жергілікті полиция қызметімен бірлесе рейд шараларын қолға алдық. Заңсыз, рұқсаты жоқ өнімдер сапасыз және қауіпті саналады.Ішімдік ішкен тұлғалар қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзады.Мәселен өткен жылдың 1-желтоқсаны мен биылғы жылдың 2-ші қаңтары аралығында пиротехикалық заттардың салдарынан 2 өрт оқиғасы орын алып, бір адам оқиға орнында көз жұмды.  Біздің мақсатымыз алда жаңа жыл мерекесі келе жатқандықтан қауіптің алдын алу, тұрғындарды сақтыққа шақыру.

Өрттің негізгі себебі алкольдік өнімдер тұтынатын ортада жиі орын алады екен. Себебі де түсінікті. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сатушылардың  кейбірі саудадағы отшашулар мен петардалардың қолданылу тәртібін түсіндіре алмай жатады. Ал сапасыз  тауар  адам  өмірі үшін қауіпті. Сол себепті  сатушыдан міндетті түрде құжаттарын талап ету қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.