Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өзенге балық жіберу жұмыстары

c 17:13, 27/04/2021 c 562

0:00 / 0:00

Өңірде өзендерге шабақтар жіберу жұмыстары басталды. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары мәлімдеді. Айта кеткен жөн, өзендерге балық жіберу жұмыстары бұған дейін күз айларында орындалатын. Ғылыми институттар мен табиғат пайдаланушылардың ортақ шешімі негізінде өзендерді шабақтандыру шарасы биылдан бастап көктемде ұйымдастырылып отыр.Бұл Михаил Марченкоға тиесілі су тоғаны. Ол табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірнеше жылға келісімшартқа отырған. Кәсіпкер сазан, тұқы, дөңмаңдай сынды балық шабақтарын өсіріп, «Жайық» және «Шаған» өзендеріне жібереді. Бүгінде Михаил Марченконың командасында 60-тан аса қала тұрғыны бар. Олар ерікті түрде өз қаражаттары есебінен популяцияны сақтап қалуға үлес қосуда. Алдағы уақытта команда сирек кездесетін, жойылып бара жатқан балық түрлерін көбейтуге үлес қосуды мақсат тұтып отыр.  Облыста 47 су қоймасы мен каналдар болса, табиғат пайдалнушылар саны - 37. Балық санын көбейту үшін мемлекетпен 10 жыл мерзімге дейін келісім жасаған. Табиғат пайдаланушылар өздеріне тиесілі тоғандардағы су қорын қорғап қана қоймай, ондағы тіршілік иелерін өсіріп, көбейтуге міндетті. Ескере кететін бір жағдай-балықтар көбейуі үшін жергілікті аумақтың табиғатына бейімделген түрлері ғана өсірілуі тиіс. Яғни осы шара барысында табиғат пайдаланушылар жалпы саны 1 млн 500 мың балық шабақтарын тоғандарда өсіріп, өзенге жіберуі тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.