Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өзекті мәселе

c 17:12, 05/11/2019 c 787

0:00 / 0:00

2020 жылдан бастап экологиялық кодекске өзгеріс енбек. Жаңашылдықтың аясында тұрмыстық қалдықтардың бірқатарын арнайы белгіленген полигондарға апаруға болмайды. Сондай-ақ, қоқыс полигонына да қойылатын талап та күшейтілмек. Бірақ, құжатта айтылған өзгерістерді өңірімізде жүзеге асыру өзі қиынға соғатыны жасырын емес.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуына арналған дөңгелек үстел барысында сөз алған қалалық тұрғын үй коммуналды шаруашылығының мамандары Оралда қоқысты түр-түрімен жинау үшін арнайы контейнерлер орнатыла бастады,- дейді. Олардың бірқатарын жеке компаниялар өз есептерінен орнатуда. Қазіргі таңда шаһарымызда пластикалық бөтелкілерді жинастыруға арналған 700 контейнер болса, ауыл-аймақта олардың саны 300-ден асып жығылады.

Шашылған қоқыстың жиналуы мен оны сұрыптау ісі- қашанда өзекті проблеманың бірі. Аталмыш мәселені жою үшін келесі жылдан бастап, заң талаптары күшейтілмек. Экологиялық кодекске сәйкес, қазір бір қоқыс жәшігінен табылатын әйнек, пластик пен қағаз бөлек-бөлек сұрыпталып, полигон аумағына жіберілмеуі керек. Яғни, полигонға қайта өңделетін тауар жөнелтуге болмайды.

Жиында сөз алған Түркістандық мейман рухани астанаға қарасты Ақкент ауылының тұрғындары қоқысты сұрыптап жинап , одан қалай ақша тауып жатқандығын баяндады. Аталмыш ауылдағы жоба осыдан 2 жыл бұрын қолға алынған. Яғни, бір үйдің тұрғындары қоқысты сұрыптап, жинап, сол арқылы ақша тауып отыр. Бұқара халық баспаналарының кем-кетігін жиналған қаржыға жөндеп алған.

Орал қаласында да қоқысты сұрыптайтын компаниялар бар. Бірақ, олар министрліктің қойған шектеуіне байланысты зардап шегіп отыр. Биыл құзырлы органның шектеуіне сәйкес, қайта өңделетін қатты тұрмыстық қалдықтарды шетелге саудалауға екі жылға тыйым салынды. Ал, қайта өңдейтін зауыт Алматыда орналасқан. Кәсіпкерлер логистиканың қымбаттығына байланысты, картон мен өзге қағазды қоймада жинап жатырмыз. Егер мәселе өз шешімін таппаса, тақырға отырамыз. Ал, Түркістандық жобаның өңірімізде қанат жаюы үшін атқарушы билік қыруар қаржы бөлуі керек, -дейді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.