Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ОТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ӨНДІРІСІ БАЯУ ӨСІП ЖАТЫР»

c 19:06, 13/03/2023 c 118

0:00 / 0:00

Елдегі дәрі-дәрмек өндірісін дамыту күн тәртібінен түспей отыр. Қазір үкіметтің алдында елімізде өндірілген дәрі-дәрмектердің ішкі нарықтағы үлесін 50%-ға дейін жеткізу мақсаты тұр. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін республиканың фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамыту, ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыру, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және жалпы фармацевтикалық секторды цифрландыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Ал премьер-министр дәрі-дәрмектің ішкі нарықтағы үлесі баяу өсіп жатқанын айтты.Қазіргі көрсеткіш – 28% құрайды.

Елдегі дәріханаларда импортпен келген дәрілерден көз сүрінеді. Олардың арасынан отандық өнімді майшаммен іздеп табасың. Ал қымбатшылық белең алып жатқанда, дәрі-дәрмектің де бағасы қалыспауда. Өткен жылдың 10 айында Қазақстанда құны 1 миллирд долларды құрайтын 20 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Бұл дегеніміз ел ішінде өндірілетін дәрі көлемінің аздығы.

Ал үкіметтің алдында отандық дәрі өнімін 50 пайызға жеткізу мақсаты тұр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін республиканың фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамыту, ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыру, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және жалпы фармацевтикалық секторды цифрландыру бойынша шаралар қабылданып жатыр деп мәлімдейді. Қазір бұл көрсеткіш 30 пайызға да жетпеген.

Сонымен қатар Смайылов өмірлік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша ұзақ мерзімді шарттар жасаудың маңыздылығына тоқталды. Онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған препараттарға ерекше назар аудару керек. Ол үшін алдағы жылдарға қажеттілікті ескере отырып, осындай дәрілік заттардың тізбесі бекітілуі тиіс деді премьер-министр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.