Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ОРТА БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ ЖОҚ»

c 15:23, 04/12/2023 c 119

0:00 / 0:00

Әлемде шағын бизнес орта бизнеспен бірге экономиканың біртұтас секторы ретінде қарастырылады. Ал Қазақстанда орта бизнестәің мәселесі кенже қалуда. Депутат Перуашевтің айтуынша, тексеруге мораторий жариялау, салық жеңілдіктерін жасау бізде шағын бизнеске ғана арналған. Ал табысты қайта инвесттеуді салығынан босату – ірі бизнес үшін ғана бар. Ал орта бизнес барлық қолдаудан құр алақан.

Орта кәсіпорындар шағын және орта бизнестің субъектілер санының небәрі 0,2 процентін құраса да, ал осы сектордағы өндіріс көлемінің 20 процентін және бүкіл ел экономикасының 6,6 процентін қамтып отыр. Шағын бизнес сауда мен қызмет көрсету саласында кәсібін өртбітіп отырса, ірі кәсіпкерлер жер қойнауын пайдаланумен және шикізатты экспорттаумен айналысады. Ал, орта кәсіпорындар негізінен отандық өңдеуші өнеркәсіптерден құралады. Мұнда қосылған құн мен ұлттық экономиканың технологиялық деңгейі де ең жоғары. Мәжілісмен экономикаға елеулі үлесін қосып отырған орта бизнесті салықтан босатуды сұрады.

Депутаттың келтірген мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда орта бизнеске жылдық айналымы 20 миллион долларға жуық кәсіпорындар жатса, Ресейде - 30 миллион долларға дейін, Украина мен ЕуроОдақта - 50 миллион еуроға дейінгі жылдық айналымы бар кәсіпорындар кіреді. Яғни халықаралық деңгейде айналымы 55 миллион долларды құрайтын еуропалық кәсіпорындар өз мемлекеттерінен қолдау алуға құқылы, ал айналымы екі есе аз қазақстандық кәсіпорындар ондай қамқорлыққа мұқтаж. Ақжолдықтар үкіметтен орта бизнестің критерийлерін қайта қарап, ЕуроОдақ елдерінен кем емес критерийлер енгізуді сұрады. Сондай-ақ, орта бизнесті дамыту үшін басқа да кешенді шаралар әзірлеуді ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.