Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдан әлемнің алты еліне саяхаттауға болады

c 16:53, 26/04/2021 c 400

Пандемия біраз салаға залалын тигізіп, көптеген бизнес иесінің тақырға отыруына түрткі болды. Қиын жағдайға тап болған саланың бірі-туризм еді. Былтыр шекаралар жабылған кезде туристтер шетелде қалып, ұшақтармен елге келгені есімізде. Биыл шекаралар біртіндеп ашылып, танымал курорттар өз жұмыстарын жандандыра бастады. Қай елге деген сұраныс басым?

Коронавирус пандемиясына қарамастан бір жеті, он күндей теңіздің жағалауында күнге қыздырынып, суға түсіп, демалып қайтқысы келетін жандардың қатары сиремепті. Қазіргі таңда Оралдан алты бағытқа саяхаттауға болады. Туристтер арасында бұрынғыдай Түркия мен Мысырға деген сұраныс көп,- дейді мамандар. 9 күнге Мысырға барып, тынығып қайту үшін кемінде бір кісіге 200 мың теңгедей қаражат керек болады. Өткен жылмен салыстырғанда шетелдік демалыстың құны 20 пайызға қымбаттаған.

Коронавирус пандемиясы сақтық шараларын ұмытпауды талап етеді. Туристтік агенттіктің өкілдері қазір шетелге шығу үшін ПЦР тесттің теріс нәтижесі керектігін айтады. Тестті демалушы өз қалтасынан тапсырады. Демалуға барған оралдық турист шетелде індетті жұқтырып алса, сақтандырудың арқасында клиникаларда емделеді екен. Шетелге демалысқа кеткен туристтер елге кіру үшін де ПЦР тесттің теріс нәтижесімен келеді. Қазіргі таңда Түркияға ұшатын ұшақтардың саны қысқартыпты.

Отандық туризмді қолдап, Қазақстанда демалуды таңдайтын жандар да бар. Мамандар елімізде демалатын танымал орындардың аздығын айтады. Соңғы жылдары Ақтауда ашылған қонақүйде демалуды көздеп, билет брондап жатқан жандар бар екен. Каспийдің жағасында толыққанды тынығу үшін бір кісіге шамамен 200 мың теңгедей қаражат керек көрінеді.

Сурет https://travel.rambler.ru/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.