Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдағы қарттар үйі ғимаратына қатынайтын жол жөнделіп бітуге таяп қалды

c 18:23, 25/09/2018 c 1196

0:00 / 0:00

Бұл аймақ апатты нысандар санатында болып келген болатын. Жүргізушілер ой-шұңқырлы жолмен жүруге амалсыз көндігіп келді. Ал биыл бюджеттен осы мақсатқа қаражат бөлініп, көптен күткен жол қалыпқа келтірілуде.

Бұл 2017-жылдың наурыз айында түсірілген кадрлар. Жүргізушілер қарттар мен мүгедектерді қамқорлыққа алып отырған мемлекеттік мекемеге қатынайтын жолдың күйін айтып, мұңдарын шағуда. Апатты жол адам өміріне қауіпті-тұғын.

Биылғы жылдың күзінде көптен күткен аймаққа жөндеу жасалатын болып шешілді. Бірінші кезекте жол жабылып, мердігерлер асфальт төсеуге кірісті. Әзірге жжұмыс жолық аяқтала қойған жоқ. Дегенмен көлік қатынасына жол ашылып отыр.

Биыл қалада 50 көшенің жолын жөндеу жоспарланған болатын. Бұл мақсатқа 7 млрд. теңгедей қаражат бөлінген. Осы жылы да екі жылға жұмысы жоспарланған жобалар баршылық. Тұрғындар жөндеуге байланысты қолайсыздықты бастан кешіріп жатқаны да аян.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.