Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда желілері жер асты арқылы тартылатын жарық бағаналары орнатылуда

c 18:20, 22/08/2018 c 692

0:00 / 0:00

Орал қаласында сымдары жиі үзілетін жарық бағаналарын жер асты кабельдеріне ауыстыруды жалғастырып жатыр. Осыған дейін Еуразия даңғылында энергия үнемдегіш, қауіпсіз бағаналар орнатылған болатын. Аталмыш жұмыстар 2014-жылы басталып, бюджеттен 250 млн. теңге жұмсалған еді. Қазіргі таңда Достық даңғылы мен Ықсанов көшелері сымсыз желіге көшуде.

Бағаналардың сымдары қысқы алай-дүлей боран мен қатты желде үзіліп, жарықсыз қалатын кездер талай тіркелді. Жер асты кабелдері арқылы тартылған сымсыз бағаналар мұндай қиындықтарды жояды. Және жаңа самаладай жарық шамдары электр энергиясын үнемдейді, бағаналар тот баспайтын алюмииний материалынан жасалған.

Қалада бұл жұмыстар 2014 жылы басталды. Ол кезде Еуразия даңғылыныдағы барлық керілген сымдардан арылып, осындай бағанаға көшкен болатын. Бүгінде Ықсанов көшесіндегі жұмыс аяқталып, енді Достық даңғылына арнайы техникамен 148 бағананы орнату ісі қарқынды жүруде. Қазіргі күні осындай желіні 16 нысанға жүргізу үшін жобалық-сматалық құжаттар дайындалуда. Жер асты желісін тарту кезінде жолдар бұзылмай, үлкен шұңқырлар қазылмай-ақ, бағаналар арнайы техниканың көмегімен орнатылатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.