Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда әйелді күйеуі ұрып өлтірді

c 17:27, 24/01/2020 c 729

0:00 / 0:00

Орал қаласында әйел адамды күйеуі ұрып өлтірді. Отбасындағы тұрмыстық зорлық - зомбылықтың құрбаны болған әйелдің артында 3 баласы жетім қалды.Оқиғаға әдеттегі отбасындағы ұрыс - керіс себеп болған. 1976 жылы туған әйелді күйеуі өлімші етіп сабаған.Марқұм әйел аурухана төсегінде тіл тартпай кетіпті. Марқұм әйел тұрмыстық - зорлық зомбылықтың құрбаны болып отыр.Отбасындағы тұрмыстық зорлық зомбылыққа қашан тосқауыл қойылады.Бұл біз білетін жалғыз факті.Ал, қаншама оқиға, қаншама әйелдің көз жасын жасырын қалып жатыр.

Оқиға Зашаған кенті, Кеңдала ауданында болған. Қаңтардың 21 -нен 22-сіне қараған түні әйел адам күйеуінен соққы алып, ауруғанаға түскен. 44 жасар әйелді жолдасы өлімші етіп сабаған. Сол күні әйел есін жинамағн күйі аурухана төсегінде көз жұмыпты. Күйеуден таяқ жеп о дүниелік болып кеткен әйелдің артында 3 баласы жетім қалды.Бұл оқиға нені білдіреді?Неге әйелдер қорғаусыз?

Тұрмыста күйеуінен зардап шегіп отырған әйелдер жеткілікті. Өткен жылы Оралдық 800-дан астам келіншек сенім телефонына хабарласып, көмек сұраған. Қиын жағдайдағы 50 әйелді кризистік орталыққа орналастырыпты. Полицияның келтірген дерегіне сүйенсек, әкімшілік құқық бұзушылықтың 73- бабы бойынша 1105 қылмыс тіркелген. Ал, 2018 жылғы көрсеткіштер 1200-ден асып жығылады.

Биыл қаңтардың 20-сынан бастап "Тұрмыс" жедел-профилактикалық шарасы қолға алынды. Шара ұйымдастырылған төрт күннің ішінде 440 астам азамат тексеріліп, 81- жанға қатысты қорғау нұсқамасы берілген. Аталмыш нұсқаманы учаскелік полиция қызметкерлері бақылауда ұстайды. Аталмыш нұсқаманы орындамаған жандар жаңа заңнамаға сәйкес, үш немесе бес күн түрмеге қамалады. Бірақ, әйелін ұрып соққан жандар жыл арқалап, сотталмайды.

Жұбайынан қорлық көріп, жылдар бойы таяқ жеп, соққыға жығылып, барар жері, басар тауы болмаған келіншек балаларымен бірге кризистік орталыққа келеді. Аталмыш орталық 2013 жылдан бері жұмыс жасайды. Былтыр осы нысан 60 адамға қол ұшын созған. Биылдың өзінде бес әйел адам мен олардың 11 баласы орталықтан көмек сұрапты.

Тұрмыста, отбасында зорлық көріп отырған әйелдер туралы айта беруге болады.Тіпті, күзде ғана қалад ер адам өз әйелін кепілге алып, жарып жіберемін деп қорқытып елді дүрліктіргені бар. Отбасындағы шағын ғана кикілжің деп саналып келген оқиғалар кейде осылай барлық қызметті аяқтан тік тұрғызып жатады. Абырой болғанда бұл күні полиция қызметкерлері әйелді құтқарып қалды. Ал, соңғысы кеше ғана әйел адамның өлімімен аяқталып отыр. Бұл өз кезегінде отбасындағы тұрмыстық зорлық зомбылққа көз жұмып қарауға болмайтындығын білдірмей ме? Сіз не дейсіз көрермен?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.