Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал тұрғындары ауладағы қауіпті сырғанақты алмастыруды сұрайды

c 18:09, 10/09/2018 c 832

0:00 / 0:00

Қауіпті сырғанақ! Орал қаласының Ихсанов көшесі 73/1 және 73/2 мекен-жайындағы үй тұрғындары балалар алаңқайындағы сырғанақта денесін жарақаттап, киімін жыртып келетін балалар көбін айтып шағымдануда. Ауладағы әткеншектер мен ойын сырғанақтары тұрғындардың өз қолдарымен жасалған. Бүгінде дәнекерлерген тұстары ырсиып, апатты күйде тұр. Ал балаларының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналар сырғанақты жөндеп, алаңқай салып беруді сұрайды.

"Қауіпті сырғанақ" орналасқан алаңның көлемі ат шаптырымдай. Ойын алаңқайын салып, спорттық жабдықтар орналастыруға әбден болар еді. Бірақ қаншама жылдан бері қаңырап тұрған бірнеше көп қабатты тұрғын үйге ортақ алаңға тұрғындар өздері әр беріп, қолдан әткеншектер жасауға тырысып бағатындарын айтады. Ал онысы жиі сынып, балалар үшін қауіпті жағдайға түседі.

Енді бұл алаңға ата-аналар балаларын жіберуден қорқатын болған. Бір рет әткеншек үзіліп, бүлдіршіндер мертіккен. Осыдан соң жүректері шайлығып, ойнау үшін өзге алаңдарға баруға мәжбүр. Биыл аулаларды абаттандыруға 500 млн. теңге бөлініпті. Тұрғындар абаттандырылуын көптен күткен аула келесі жылғы тізімге іліккен. Алдағы жылы абаттандырылатын тұрғын үй аулаларының бүгінде жобалық сметалық құжаттары жасақталуда. Сондықтан бөлінер қаражат сомасы әзірге жарияланбай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.