Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал - ортақ үйіміз

c 17:10, 06/09/2018 c 851

0:00 / 0:00

Орал деп аталатын шаһар - бүгінде 300 мыңдай тұрғынның құтты қонысы. Соңғы онжылдықта қала аумағы бірнеше есеге ұлғайып, сәулеті келісті ғимараттар бой көтерді. Жаңа алаңдар мен мәдениет ошақтары, спорт кешендері салынды. Өзге де жетістіктер жеткілікті. Археолог ғалымдар көне шаһардың түп-тарихын сонау Алтын Орда кезеңімен байланыстырады. Жылдағы дәстүр бойынша қала күні биыл да апта бойы тойлануда.Мәселен, қоныс тойын тойлаған тұрғындардың қуаныштарында шек жоқ. Игілікті шаралар әлі де жалғасын табатын болады. Осы орайда тілшілеріміз көне шаһарымыздың мекендеушілерімен тілдесіп жан сарайларын ашуға тырысты.

Дәл қазір қаланың ескі арбат аталатын бөлігінде ақшаңқан киіз үйлер тігіліп шеберлер көрмесі өтіп жатыр. Сан түрлі ұлт пен ұлыстың ортақ мекені, құтты қонысына айналған көне Орал шаһары өзінің туған күнін осындай шаралармен айшықтауда.

Бұл тек қала күнін тойлау шарасының бір сыпырасы ғана, әлі де болса тұрғындардың күзбен бірге сағына қарсы алатын меркесінің қызықтары сан алуан. Орайын тауып оралдықтарды сөзге тарту барысында Европа мен Азияның алтын тұтқасына айналған сүйікті қаламыздың сәулеті мен дәулеті келісе түскеніне көзіміз тағы да жетті.

Күн сайын аспан астында Ақжайық аспанын күй күмбірі кернеп, дәстүрлі әншілер шырқаған әсем әндер тыңдарманның құлақ құрышын қандыруда. Ал 8-ші қыркүйек күні орталық стадионда эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концерттің жас пен кәріге бірдей тамаша көңіл-күй сыйлары анық.

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.