Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының тұрғыны Лилия Коновалова «Жить здорово» бағдарламасына қатысты

c 18:31, 23/09/2019 c 513

0:00 / 0:00

Ерекше жүктілік бүкіл әлемді назарсыз қалдырмағаны анық. Соңғы 60 жылда мұндай оқиғалардың саны 70-тен асқан. Ал мұндай жағдай Қазақстанда алғашқы рет орын алып отыр. РФ-ның "Бірінші арна" тілшілері де таңғажайып жайтты ести салысымен Лили Коновалованы балалары Лия мен Максим және жолдасы Сергейді судияға қонақ етіп, таңғажайып әңгіме өрбітті.

Неонатолог Нұргүл Жүнісова жерлестеріміздің Мәскеу қаласына орнығу шығындарын "Бірінші арнаның" өздері көтергенін атап өтті. Мәскеуде Лилия Коновалованың балалары медициналық тексерістен өтті. Егіздердің денсаулығы - өте жақсы. Ресейлік сарапшылар Батыс Қазақстан дәрігерлерінің жұмысына жоғары баға берді.

Еске салсақ, Оралдық Лилия Коновалова екі жарым айда екі рет босанып, біріншісінде қыз, екіншісінде ұл баланы өмірге әкелді. Дәрігерлер оның қос құрсағы болғанын айтады. Мұндай бұрын-соңды Қазақстанда болмаған. Ағылшын гинекологтарының дерегінше, соңғы жарты ғасырда күллі әлемде осындай 70 жағдай тіркеліпті.жерлесіміз қатысқан "Жить здорово" бағдарламасы 7 қазан күні көрермен назарына жол тартпақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.