Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында төсекке таңылған азаматша дәрігерлік көмекке мұқтаж

c 16:10, 04/10/2018 c 678

0:00 / 0:00

Ирина Шагаеваның денсаулығы 2014 жылы сыр бере бастаған. Оқыстан құлап, омыртқасына зақым келтіріп алады. Медициналық тексеріс кезінде сүт бездерінің ісігі болуы мүмкін екенін көрсеткен. Екі рет қызының рұқсатымен әйелді химиялық терапиядан өткізеді. Осыдан соң ол 2 жыл жұмысқа шығып, қызметін атқарған. Өмір бойы темір саласында еңбек еткен азаматша үнемі ауырсынуды сезініп ақ халаттылардың алдына қайтадан келеді. Осы жолы оны ота үстеліне жатқызады. Облыстық аурухананың нейрохиругия бөлімінде науқастың омыртқа сүйегіндегі ауру анықталып, оны бекітетін сүйек цементімен ем жүргізіледі.

Деркөл ауылында тұратын азаматша туған қызы болғандықтан әлеуметтік қызметкерлер көмегін ала алмай келген. Себебі ет жақыны бар жандарға мұндай қызмет қарастырылмаған. Алайда екі бірдей кішкентай сәбиді бағып отырған қызы өз отбасын тастап шыға алмайтынын айтып, қазір анасының күтімінен бас тартып отыр.

Төсекке таңылып, қатты ауырсынудан жанын қоярға жер таппай, қозғалыссыз жатырған әйел дәрігерлерден көмек сұрайды. Сондай-ақ өзіне әлеуметтік қызметкерлер қол ұшын берсе деген өтінішін жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.