Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында полиция қыз баланы қағып кетті

c 15:14, 19/11/2019 c 545

0:00 / 0:00

Полиция қызметкерлері өздері өткізіп жатырған "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс шарасы жүріп жатқанына қарамастан жолда кісі қағу фактісіне жол беріп отыр. Оқиға кеше сағат 22.30-да Жәңгір хан мен Брусиловский көшелерінің қиылысында болған. Полиция өкілі, полиция аға лейтенанты, 26 жастағы Ринат Баймұқашев қызметтік көлігімен 21 жастағы жүргіншіні қағып кеткен. Қазіргі кезде Р.Баймұқашевқа қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі жол ережесін бұзу ісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. «Сонымен қатар тәртіптік комиссияның шешімімен ол қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сондай-ақ оның тікелей командирлері мен басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова жәбірленуші түрлі дене жарақатымен қалалық көпбейінді аурухананың травматологиялық бөлімшесіне жатқызылды деп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетеміз БҚО әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласындағы жол көлік оқиғаларының саның азайту мақсатында полиция өкілдеріне жолдағы тәртіпті күшейтуді тапсырған болатын.Осы мақсатта қазір БҚО - да "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс шарасы жүріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.