Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында Круглоозерный кентінің әкімі Мирболат Нұржанов халық алдында есептік кездесуін өткізді

c 06:55, 22/01/2015 c 650

0:00 / 0:00

Аталмыш жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар легі қорытындыланып, алдағы жылдың жоспарындағы істер жария болды. Тұрғындар билік өкілдеріне көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, кенттегі өзекті мәселелерді көтерді. Кездесуге шаһар басшысы Алтай Көлгінов арнайы қатысқан болатын.
Круглоозеный кентінде 5419 адам тұрып жатса, оның 1470 Серебряков ауылының тұрғындары. Қалаға іргелес орналасқан кентте 2014- жылы ірі әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткен болатын.
Есептік кездесуге қатысып, кенті әкімінің басшылығымен атқарылған жұмысты мұқият тыңдаған Алтай Көлгінов биыл елбасымыздың халыққа жолдаған "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" атты тапсырмасын орындаудың маңыздылығына тоқталды. Ұтымды сәтті пайдаланған тұрғындар әлі ауылда атқарылар жұмыстың көбін жеткізіп, жол жөндеу, мәдениет үйін салу, балабақша кезегін жылжыту мәселелері кезек күттірмейтін өзекті мәселелер дегенді алға тартты.
Орал қаласының әкімі өз кезегінде облыс орталығында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, ағымдағы жылы әлеуметтің әлеуетін көтеруге баса назар аударылатынын айтып, оны орындауда бірлікпен, ынтымақпен әрекет етуге шақырды. Есептік кездесуден круглоозерный тұрғындары әкімнің берілген уәделер орындалып, биыл хал-ахуалымыз жақсарады деген сеніммен тарқасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.