Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында аллергиялық ауруларды емдейтін орталық ашылды

c 18:08, 13/11/2018 c 861

0:00 / 0:00

Айта кетейік, бұл жалпы БҚО бойынша аллергиялық ауруларды анықтайтын жалғыз орталық. Бұрын - соңды батыс жұрты үшін аллерголог маман тапшылығы кәдімгідей сезіліп, олар аллергиядан емделу үшін көршілес Самара, Ақтөбе қалаларына барып жүретін еді. Енді бұлай сандалып аллерголог іздеудің керегі жоқ. 

Аллергиялық аурулар қазір жиі кездесетін болды. Түшкіріп пысқырып, пысылдап жүрген бір адам. Жаз шығып жер кеуіп шаң көтерілгенде бұл ауру тіпті күшейіп кетеді. Бұрын адамдар аллергиядан емделу үшін көршілес Самараға , Ақтөбеге барып жүретін еді. БҚО бойынша аллерголог дәрігер тапшылығы, аллергиялық ауруларды анықтайтын орталықтың болмауы облыс тұрғындарын біраз әуреге салып еді.

Арман Байдеуов, облыстық көпбейінді аурухананың диагностикалық бөлімінің директоры:
- Біздің облыста аллергиялық ауруларды емдейтін дәрігер тапшылығы байқалды, саусақпен санарлық қана аллерголог дәрігеріміз бартұғын. Енді солардың басын қосып аллерго орталықты ашып отырмыз. Адамдар осы жерде дәрігерге жазылып, осы жерде қандай аллергия түрімен ауыратындығына талдау жүргізе алады. Біздің зертханамыз өте мықты. Одан бөлек дерматолог маманымыз да осы жерде отыр. Аллерголог пен дерматолог лаборант үшеуі бірігіп қажетті ем шараларды бекіте алады. Бұл науқастардың уақытын үнемдеу үшін де жақсы.

Айсұлу Есенгалиева осы аллергиялық орталықтың ашылып, дәрігерлердің бір жерге шоғырланғаны үшін қуанышты жандардың бірі. Демікпе ауруымен ауырғалы аллерголог дәрігерге жиі келеді.

Облыстық көп бейінді аурхананың диагонстикалық бөлімінне ашылып отырған аллерго орталық дәрігерлері өздері қабылдау өткізіп, қажетті талдауларды да өздері жасайды.Оратлықтың арнайы таладулар жүргізетін зертханасы бар.Ол жерде мықты аллерголг мамандар жұмыс жасайды.

Уртанбаева Зауре, аллерголог дәрігер
Мен науқастарды осы жерде қабылдаймын. Аллергияның түрлері өте көп, уақытында қаралып емделмесе ол асқынып кетеді. Адамдарда шаң тозаңға, шөптің түрлеріне, немес жануарлардың исіне аллергия болуы мүмкін. Біздің орталықта ересектермен қоса баларда кездесетін аллергия түрлеріне талдаулар жасаймыз

Жуырда ғана іске қосылған аллергиялық ауруларды емдейтін орталық ересектермен қоса балаларды да тексерістен өткізе алады. Орталық бұрынғы диагностикалық орталықтың ғимаратында орналасқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.