Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласын дамытудың жаңа бағдарламасы

c 18:00, 29/01/2021 c 579

0:00 / 0:00

Бүгін Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралып, Орал қаласының 2021-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасы көпшіліктің назарына ұсынылды.Сессияда шаһарымыздың ең маңызды қаржылық құжаты талқыланды. Даму жоспары негізінен қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталды. Орал қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары нақтыланды. Орал қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенованың айтуынша, келер жылдарға қойылған міндеттердің алдыңғы қатарында қаланың экономикалық өсімін, инфрақұрылымын, әлеуметтік саланы дамыту бағыттары тұр. Қазіргі таңда осы үш бағыт бойынша жұмыстануға 15 мақсат, 23 индикатор қойылды. "Қаламыздың қарқынды даму үрдісін сақтау үшін ең бірінші кезекте тұрғындарды жайлы тұрмысын қалыптастыру басты мақсат",- деп атап өтті қала әкімі Абат Шыныбеков. Алдыңғы кезекте пандемияның салдарынан облыстағы тұралап қалған кәсіпорындар жұмысын жетілдіруге бағытталады. Яғни мемлекеттік тапсырыстар беріліп, жұмыс жанданатын болады. Инвестиция тарту да күн тәртібінен түспейді.Даму жоспарында қарастырылған тағы бір мәселе Оралдағы қоғамдық көліктер жәйі. Тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін автопарктерді жаңғырту қажет. Жыл соңына дейін су жаңа автобустар сатып алынып, автопарктердің 47 пайызы жаңғыртылады деп жоспарлануда. Сондай ақ, 2025 жылға дейін шаһар мен кенттерді сапалы ауыз сумен толықтай қамту үшін жер асты құбырлары жөнделіп, су көлемі көбейтілетін болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.