Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Онлайн жұмыс

c 15:28, 09/04/2020 c 779

0:00 / 0:00

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін көптеген саланың жұмыс жасауына өзгерістер еніп, мамандардың басым көпшілігі қашықтан жұмыс жасауға көшті. Солардың бірі- халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерінің басым көпшілігі қашықтан жұмыс жасауға кірісті. Онлайн түрде қызметін жалғастырған маманның бірі- Зарема Зайнуллина. Кейіпкеріміз бір жұмадан бері үйден жұмыс жасап жатыр. Жанұясы Зареманы қолдау үшін арнайы жұмыс жасайтын орын да жабдықтапты. Бірақ жұмыс кестесі еш өзгермеген. Зарема таңғы тоғыздан бастап кешкі 18:30 дейін азаматтардың қоңырауын қабылдап, сауалдарына жауап береді.

Ал осы қиын кезеңде азаматтарға арналған үкіметтің дайын құжаттарды алып кету терезесі жұмыс жасайды. Азаматтар кезекте тұрып, құжаттарын алуда.

Құжаттарды рәсімдеу үшін туындаған сұрақтарды 1414 нөміріне хабарласып, жолдай аласыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.