Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өмірімен қоштасты

c 17:59, 18/07/2019 c 516

0:00 / 0:00

Оралда велосипедімен автокөлікке соқтығысқан бала оқиға орнында көз жұмды. БҚО ПД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Шаған жағалауы көшесінде орын алыпты. Белгілі болғаны, сағат шамамен 16.40-та аталған жолда белгіленбеген жерден өтіп бара жатырған бала 1987 жылғы азаматтың басқаруындағы «Лада Ларгус» автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баланың жедел жәрдем жеткенге дейін қайтыс болып кеткендігін жеткізді. Қазір оқиға орнында көз жұмған баланың жасы, кім екендігі анықталып жатыр. Аталған оқиға бойынша Орал қаласы полиция басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.