Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ОЛИГАРХТАРҒА ЛОББИ ЖАСАУДЫ ТОҚТАТУ КЕРЕК»

c 23:23, 14/02 c 80

0:00 / 0:00

Қазақстанның байлығы 162 адамның қолында . Республикада көп саланың монополияланғаны жиі айтылады. 30 жыл бойы олигархтар экономиканың барлық саласын қамтып қалған. Ал нарыққа келіп жатқан жаңа кәсіпкерлердің дамуына ескі Қазақстанның байлары мүмкіндік бермей жатыр дейді депутаттар. Мемлекет басшысы үкіметтің алдына экономикаға жаңа импульс беру үшін кәсіпкерлермен терең әріптестік орнату міндетін қойды. Депутаттар кәсіпкерлік таңдаулы азаматтардың еншісі болмауы керек. Яғни ұлттық бизнес – жеке адамдардың қолында емес, жаппай халықтың игілінде болуы тиіс, - дейді.

Мәжлісмен кәсіпкерлік таңдаулы азаматтардың еншісіне айналды. Мемлекеттік сатып алулар да осы олигархтардың қолында дейді. Депутат экс-президент Назарбаевтың тұсында қара нарық пен көлеңкелі схемалар арқылы олигарх болғандардың орнына, халық мүддесін ұмытпайтын «ұлттық бурзуазияны» қалыптастыратындар келуі керек деп отыр. Ол үшін олигархияның экономикалық тамырына балта шауып, әділ әрі адал кәсіпкерлік құру қажет.

Сайыров бастаған депутаттық топ үкіметтен өткен жүйеден мұра болып қалған олигархтардың экономикалық мүддесін қорғауды тыю мен оларға лобби жасаушы топтарға тоқтау салуды, ірі тендерлердің әділетті, ашық болуын қамтып, жаңа буын бизнесмендердің потенциалын арттыруға бағыттауды, халықта жаппай бизнес дағды қалыптастыру үшін мемлекет саясатын өзгертуді талап етті. Тіпті аудандық, облыстық деңгейде бизнес жүргізуді үйрететін тегін курстар ашып, кәсібін бастап жатқандарға мемлекеттен арзандатылған кредит, жер беру мәселелерін шешуді ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.