Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОҚУШЫ ЗАРДАП ШЕКТІ

c 17:00, 26/09/2023 c 45

0:00 / 0:00

Астанадағы 14 мектеп - гимназиясында 2 сынып оқушысы баспалдақтан құлап, зардап шекті. Ауруханаға түскен баланың денсаулығы көңіл қоншытпайды. Әкесінің айтуынша, бала баспалдақ арасына құлап, ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінен ауыстырылды, бірақ соқыр болып қалуы мүмкін. Бас сүйегі бес жерден сынған. Осы оқыс оқиғаға қатысты мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды.

Астанадағы №14 мектеп-гимназиясында балалар информатика пәнінен шыққан соң баспалдақтан түсіп келе жатқанда 2 сынып оқушысы сатының арасына құлап, зардап шекті. Жайсыз жағдай 18 қыркүйекте орын алғанды. Бала жансақтау бөліміне жеткізілген. Онда үш күн бойы өз өмірі үшін күрескен. Оған бас сүйек-ми жарақаты, торлы және маңдай сүйектерінің сынуы, пневматикалықцефалия, көз шарасының ісінуі және периорбитальды ісіну диагнозы қойылды. Мектептегі төтенше жағдай жайында қоғам белсенділері, "Не молчи" қоры, Балалар құқығын қорғау ұйымы өкілдері жаза бастаған соң көпшілікке аян болып жатыр. Әкесінің айтуынша, бала құлаған соң мектеп әкімшілігі ата-анасына бірден хабарласпаған. Ал жедел- жәрдем 1 сағатқа кешігіп келген.

Зардап шеккен оқушының қазір жағдайы көңіл қоншытпайды, жансақтау бөлімінен ауыстырылды, бірақ соқыр болып қалуы мүмкін дейді әкесі. Баланың бас сүйегі бес жерден сынған. Қазір балаға жедел түрде ота жасау керек. Бірақ оны Қазақстанда жасай алмайды, тек Түркияда көмектесе алады деп отыр ата-анасы. Әкесі білім беру басқармасы мен мектеп әкімшілігінен баласын Түркияға апарып емдетуге қаржы талап етіп отыр.

Бала құлаған соң, мектеп әкімшілігі бірден баспалдақтың таянышын ауыстырып, қорғаныс жасап қойған.

Осы оқиға бойынша 14 мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің оқу жылына дайындық сапасы бойынша тексеру жүріп жатыр. Мектеп басшысы баланың өміріне төнген қауіп үшін өз жауапкершілігімді сезініп отырмын дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.