Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыстық экологиялық-биологиялық орталықта жаңа жылда жаңа хайуанаттар пайда болып жатыр

c 19:56, 08/01/2015 c 939

0:00 / 0:00

Олар "Горька" атты аша тұяқты жыл иелері. Бұдан басқа аталмыш бақта қандай өзгеріс болып жатыр?Жануарлар әлеміне ауа температурасының төмендеуі қандай әсерін тигізді? Қатты аязда ашық жерді мекендейтін салқынға төзімді аң-құстар тоңазып қалған жоқ па?
Экологиялық-биологиялық орталықтағы 60-қа тарта аң-құстың түрі бар. Олардың қысқы уақытта қоректік заттары байытылып, дәрумені мол жаз бойы жиналған көкөніс, жеміс-жидектер беріледі. Қазіргі кезде тор көз ішінде сыртта қалғандардың барлығы суыққа төзімді, терісі қалың жануарлар. Мәселен қорбаңбай аю мен қасқырлар тіпті сібірдің ызғарлы аязына да дес бермегендіктен, біздің суық олар үшін түк емес.
Айта кетейік, әзірге орталықта балалап, көжектеп жатқан жауарлар жоқ. Демеушілердің қол ұшын беруі қысқы азық қорының жеткілікті болуына септігін тигізді,-дейді мамандар.
Ешкі малының жүні қалың болғанымен, өте нәзік келеді. Сондықтан оған үлкен күтім көрсетіледі екен. Жылы сүйіш тауарыстан сынды өзге жыртқыш аңдар да көктемге дейін жабық орынға жайғастырылған.
Жануарлар бағының қысқы демалыста жұмыс қарқыны артып отыр. себебі оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін мында күн сайын түрлі тәжірибелік сабақтар оздырылып, саяхаттар ұйымдастырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.