Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс аумағында 78 діни бірлестік жұмыс жасап жатыр

c 11:27, 02/10/2018 c 610

0:00 / 0:00

БҚО-да 4 отбасы теріс діннің ықпалынан шыға алмай, аяғында жауапкершілікке тартылып отыр. Бұл отбасылардың ішінде қырғын шайқас жүріп жатқан Сирия секілді елге кетіп бара жатқан жерінен шекарадан ұсталғандары бар, тіпті шекараны кесіп өтіп Сирияға барып келген отбасылар да бар. Теологтар мен имамдардың, құқық қорғаушылардың бірлескен жұмыстарының нәтижесінде осы төрт отбасының үшеуі дәстүрлі дінге оралған. Ал, бір отбасы жазасын темір тордың ар жағында өтеуде.

Биылғы жылы өңірімізде шетелдік 5 МИССИОНЕ́Р жұмыс жасап жатыр. Бұл туралы дін істері басқармасының мамандары мәлімдеп отыр. Шетелдік азаматтар Украина, Польша, Араб пен Мысыр елінен келген.

Сала мамандары облыс көлемінде 3 ауданда діни ахуал қиын дегенді айтып берді. Сондай-ақ, Зеленов, Жаңақала мен Бөкей Орда аудандарында жоғарғы оқуды аяқтаған маман жоқ. Білікті кадрдың тапшылығын жою мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Биылғы жылдың өзінде 25  батыс қазақстандық студент "Нұр мүбәрак" университетінде білім алуда.

Қазіргі таңда облыс көлемінде 9 конфессия мен 78 діни субьекті жұмыстанып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.