Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс әкімі 1 мамыр мерекесімен құттықтады

c 16:43, 04/05/2021 c 980

0:00 / 0:00

1 мамыр - халқымыздың бірлігі күні мерекесіне Достық үйінің алдында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 түп тал-терек егілді. Бұл бастаманы облыстық ассамблея мүшелері қолдап, Орал қаласы мен аудандарда жасыл желекті көбейту бағытындағы іс-шаралар жалғасын табатын болады.Эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігі ескеріліп, санитарлық талапқа сай ұйымдастырылған шара Достық үйінің алаңынан бастау алды. Игі істің басы-қасынан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Жаңғырту жолы» жастар қозғалысы мен еріктілер қозғалысының белсенділері табылды. БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен акцияға аймақ басшысы Ғали Есқалиев қатысып, өңір халқын Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады. «Ағаш отырғызу» акциясы барысында ұйымдастырушылар тарапынан белсенділерге арнайы сертификаттар табысталды. Бұл құжатқа ие болғандар жыл бойы жасыл желекті күтіп-баптап қана қоймай, саясы пана болатындай теректің тамырын тереңге жайуына жағдай жасауы тиіс.
Сондай-ақ бұл күні «30 игі іс» республикалық марафоны аясында БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және еріктілердің атсалысуымен «Қайырымдылық керуені» жол тартты. Атап айтқанда, 50 мұқтаж отбасына азық-түлік себеттері үлестірілді. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өңірде аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 348 750 теңгенің көмегі көрсетілді. Жоғарыда атап өтілгендей, 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында өңір алқаптарында алдағы бес жылда межелі жұмыстар атқарылатын болады. Облыстың 8 орман шаруашылығында 1200 көшет дайындалған. Күн райы жылынған сәттен осы тал-теректер отырғызылуда. Бұдан бөлек орман алқаптары 2 млн. 614 түп желекке көбейтілетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.