Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Нұрлы жер" жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болды

c 14:39, 30/07/2019 c 819

Бұл 2019, 2020 және 2021 жылдары жұмысшы жастарға 3 мың жалға берілетін пәтер беруге мүмкіндік береді.

Сурет : Ашық дереккөздерден алынды30 Шілде 2019, 13:46

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру барысы қаралып, тағы да осындай жаңа бағдарламаның жобасын бекітілетіні айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жұмыс істейтін жастардың еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 2019-2021 жылдары жылына 1 мың жалдамалы пәтер салу жоспарланғанын атап өтті.

"Бұл 2019, 2020 және 2021 жылдары жұмысшы жастарға 3 мың жалға берілетін пәтер беруге мүмкіндік береді", — деп нақтылады министр.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларды жылдық 2%-бен жеңілдікпен несиелендіру аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 50 млрд теңге бөлінді. Өңірлер арасындағы несие беру лимиттері кезектегілер санына барабар анықталған.

15 шілдеде банк төлем қабілеттілігін алдын ала бағалау бойынша кезекте тұрғандардан өтініш қабылдауды бастады. Қарауға 9,9 млрд теңге сомасына 920 өтініш түсті. Несие беруге 1 млрд теңгеге 91 өтінім мақұлданды.

Елбасының тапсырмаларын іске асыру аясында "Нұрлы жер" бағдарламасын әзірлеуде тұрғындарды жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық секторды жаңғырту және үйлерді жөндеу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде қолданыстағы және жаңа іс-шараларды қаржыландыру тетіктері пысықталуда.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа редакциясын бекіту жоспарлануда.

Сілтеме көзі

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.