Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВТЫ ҚОРЛАҒАНДАР ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛМАЙДЫ

c 09:19, 01/06/2023 c 270

0:00 / 0:00

Енді экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты көпшілік алдында қорлағандар қылмыстық жаупакершілікке тартылмайды. Мәжіліс депутаттары Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша заңнаманы ретке келтіруге кірісіп кетті. Соның аясында Қылмыстық кодексте Қазақстанның Тұңғыш Президентін көпшілік алдында қорлағаны және бейнесін бүлдіргені үшін жаза қолдану баптары жойылады. Бұл жайында депутат Снежанна Имашева тілшілерге берген сұқбатында айтты. Имашеваның айтуынша, қазіргі Конституцияда Елбасы және оның құзіреті туралы бап жоқ. Ол референдумның нәтижесі бойынша алынып тасталды. Еске сала кетейік, Қылмыстық кодекстің 373-бабында экс-президент Назарбаевты көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне қолсұғушылық, Елбасының бейнесін бүлдіру мен заңды қызметіне кедергі жасау бойынша 5 000 АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанды. Тіпті онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиіспеу кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және қызметтік үй-жайларына, сондай-ақ оларға тиесілі құжаттарға тиіспеу кепілдігін бұзғаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған болатын. Енді экс-президент елбасы статусынан айырылған соң, оның ар-намысына тигендерді жазалау да тоқтатылып отыр. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев тек экс-президент ретінде мемлекеттік күзет, зейнетақы, санаториялық –емдеу шараларымен қамтылған.

СНЕЖАННА ИМАШЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ "Қылмыстық кодексте ол баптардың қажеті жоқ. Себебі Елбасы деген мәртебе жойылды. Қылмыстық жауапкершілікті қолданудың керегі де жоқ, оны бұрын да қолданбаған. Енді, ондай баптар болмайды. Бүгінде заңнаманы Конституцияға сай келтіру керек. Біз осыны істеп жатырмыз"

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.