Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МҰНАЙШЫЛАР АСТАНАҒА КЕЛЕ МЕ?»

c 11:22, 05/06/2023 c 158

0:00 / 0:00

Маңғыстаулық мұнайшылар Астанаға келе ме? Қымбат көлік мінгендер, газды да қымбатөқа сатып алуы керек пе? Қарақия жерінің тағдыры не болмақ? Астанаға ат басын тіреген маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тілшілердің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.

Неше күннен бері отандық БАҚ-да жаңаөзендік мұнайшылар елордаға тағы да келеміз деп жатыр деген ақпарат тарауда. Олар бұл сапарын 15 маусымға белгілеп отыр екен. Өздеріңізге мәлім, мұнайшылар 10 сәуірінде елордадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдында түнеп, жалақысы жоғары, әлеуметтік пакеті бар, ұзақ мерзімді жұмыс тауып беруді талап еткенді. Соның ішінде олар "Өзенмұнайгаз" ұжымына жұмысқа тұруды талап еткен болатын. Бұлар мұнай саласының қызметтерін көрсету бойынша тендерде ұтылған "БерАли Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері. Кейін 150 адамнан құралған наразы топты арнайы асақ қамауға алып, одан кейін Маңғыстауға қайтарған боалтын. Ал бірнеше өкілі Энергетика және Қазмұнайгаз компаниясымен келіссөз жасауға қалғанын білесіздер. Алайда, нақты шешім жоқ дейді мұнайшылар. Құзырлы органдар бұл мәселені арнайы құрылған комиссия шешеді дегенді.

НҰРЛАН НОҒАЕВ – МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Бізде 17 мың жұмыссыз адам тіркелген.Соның 9 мыңы Жаңаөзенде тіркелген.9 мың адам мұнай-газ компанияларына жұмысқа тұруға кезекте тұр. Біреулердің мәселесін шешу үшін екіншісін ысырып тастай алмаймыз ғой. Бұл әділетсіз ғой. Олардың да жұмысқа тұруға құқығы бар.Неге біз тендерден ұтылған «БерАли» компаниясының қызметкерлерінің мәселесін бірінші шешуіміз керек?Олар әділдік, ашықтық талап етіп отыр ғой. Онда басқаларға қатысты да әділдік болу керек.Иә, мен олардың Астанаға қайта барғысы кеп жүргенін білемін. Қолымыздан келгеннің бәрін оларға ұсындық. Біз келіссөз үстеліне отыруымыз керек және барлық тараптың мүмкіндігін қарастыруымыз керек. Және не қажет екенін түсініп, соған сай шешім қабылдау керек"

Сондай-ақ, Маңғыстау өңіріндегі газ тарифіне қатысты мәселе қозғалды. Әкім бұған дейін өңірде сұйытылған газға сараланған тариф енгізу қажеттігін айтқанды. Ноғаевтың пікірінше, Mercedes және Rolls-Royce сияқты қымбат көлікті тізгіндегендер газ үшін көбірек төлеуі керек.

НҰРЛАН НОҒАЕВ – МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «Иә, менің ойымша Rolls-Royce және Mercedes иелері көбірек төлеуі керек. Газ тұтынушы автокөлік жүргізушілері әділ төлеуі керек. Әсіресе осы көліктердің иелері. Неліктен олар "Жигули" немесе басқа көліктердің иелерімен бірдей баға төлеуі керек? Бүгінде біз барлық көлік иелерін субсидиялаймыз. Өңірде 150 мыңнан астам көлік бар, олардың 80 пайыздан астамы сұйық отынды пайдаланады. Қалай болғанда да Rolls-Royce және Mercedes иелері есеп бойынша төлеуі керек».

2020 жылы Маңғыстау облысының прокуратурасы жалпы көлемі 2,5 миллион гектар жерді тиімсіз пайдалану деректерін анықтаған болатын. Осы дерекке қатысты тіпті аудан әкіміне заң бұзушылықтарды жою туралы тапсырма берілген. Депутат Бақытжан Базарбектің келтірген мәліметіне сүйенсек, базада пайдаланылмай жатқан аумақтары үлкен жер телімдерінің алты кадастрлық нөмірі тіркелген. Ол мәселенің ауқымын көрсету үшін Словения, Израиль мемлекеттерінің жер көлемімен салыстырғанды. Қарақияның мәселесіне қатысты сұраққа жауабында әкім Ноғаев өткен жылы 2 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын айтты. Бұл жер Қарақия ауданында орналасқан. Жердің иесі қайтыс болып кеткен. Шаруашылықты оның балалары басқарып отыр, - деді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.