Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мобильді екпе салу пункті жұмыс жасауда

c 16:41, 30/04/2021 c 951

0:00 / 0:00

Орал қаласында коронавирусқа қарсы екпе салатын арнайы мобильді орын ашылды. Шаһарымыздағы сауда орындардың бірінің қасында тұрақтап, тұрғындарға вакцина салып жатыр. Көпшілік таза ауада кезекке тұрып, дәрігерлердің тексерісінен өтіп, екпе алуда. Оралдықтар бұл уақытты үнемдеп, тиімді пайданалуға ыңғайлы,- дейді.

"Сити центр" орталығының алдында жайғасқан мобильді екпе салу орнында үш күннің ішінде 400-ден астам азамат екпе салдыртып үлгерген. Екпе қабылдауға келген азамат жеке басының төлқұжатын алып келуі шарт. Кейін емханадағыдай дәрігердің қабылдауында болып, тексерістен өтеді. Дені сау болса, вакцинаның бірінші компонентін қабылдайды.

Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған мобильді екпе салу пунктіне вакцина алуға келген жандардың қарасы қалың.

Жалпы Орал қаласында осындай 4 мобильді екпе салу орны жабдықталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.