0:00 / 0:00
Шағын бизнестің бас ауруына айналған мобильді аударымдар мәселесіне шенеуніктер нақты нүкте қоя алмай отыр. Себебі, қазақстандықтар бүгінде қолма-қол ақшадан гөрі, картамен немесе телефонмен төлем жасауға дағдыланып алған. Ал жаңадан енгізілген ереже бойынша енді дүкендерде, таксиде және басқа да қызмет көресту орындарында мобильді аударым жасауға болмайды. Шағын кәсіпкерлер болса кюармен төлем қабылдап, банктердің алдында процент төлеуге мәжбүр. Үкіметтегілер мобильді аударымнан бас тартсақ бюджетке түсетін кіріс көзін бақылаймыз деп отыр. Дегенмен, әупірімдеп жан бағып отырған шағын бизнес бұл жаңашылдыққа қарсы. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынды.
АЗАТ ПЕРУАШЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Біз мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынамыз: тек микробизнес деңгейінде айына миллион теңгеден асатын аударымдарға ғана критерий енгізу керек. Ақша-кредит саласына келетін болсақ, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін едәуір төмендету қажет».
Мәжілісменнің бұл ұсынысы ұлттық экономика министрлігіне де жетіпті. 1 млн теңгеден асатын мобильді аударымдарды ғана бақылауға алу мәселесін қарастырып жатырмыз дейді вице-министрі.
ТИМУР ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Мобильді аударымдар сомасын қайта қарау мәселесіне келсек, әртүрлі жолдары қарастырылып жатыр. Бұл мәселені шешу үшін алаңдаушылық білдіріп отырған кәсіпкерлердің де, бюджетке түсетін кірісті жоғалтып алмау жолын да қарастыруымыз керек»
Экономистердің айтуынша, мемлекет кезінде мобильді аударымдарды бақылаусыз қалдырды. Ал бұл қаржы қызмет түрін қазақстандықтар кеңінен қолдана бастады. Бұл орайда кәсіпкерлер де пайдасына қарай мобильді аударымды меңгеріп алды. Олар фи
скалды түбіртексіз моблильді адуарымдарды қабылдай отыра, салық төлемеді. Бұл орайда ешбір азң бұзушылық жоқ. себебі, Салық Кодексінде қолма қол ақшамен немесе POS-терминал арқылы банк картасымен төлеу керек деп жазылған. Алайда POS-терминал қымбат. Енді кәсіпекрлердің мобильді аударымдары қатаң бақылауға алынады. Бұған дейін үш айдың ішінде 100 мобильді аударым түссе салық органдары оны «кәсіпкерлік қызмет» деп бағалайды дегенді. Енді экономика министрлігі әзірге бұл соманы 255 мың теңге деп бекітті. Ал жоғарыда айтылғандай депутат Перуашев микробизнес үшін мобильді аударым көлемі 1 миллион теңгеден асқан жағдайда ғана салық салуды ұсынып отыр.