Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МИНИСТРЛЕР ОТСТАВКАҒА КЕТУГЕ ДАЙЫН БА?

c 09:15, 15/03/2023 c 136

0:00 / 0:00

Алдағы жексенбіде өтетін Парламент Мәжіліс мен маслихат депутаттарының сайлауынан соң, Смайылов үкіметі отставкаға кетеді. Бұл Ата заңның талабына сәйкес тәртіп. Сондықтан бүгін өткен үкіметтің селекторлық отырысы осы құрманың соңғы жиыны болуы да мүмкін. Қазақстандық министрлер жылы орнымен қоштасуға дайын ба? Сайлаудан соң жаңа құрамда бүгінгі министрлерде көреміз бе? Астаналық тілшіміз Әселім Қалкеннің әзірлеген бейнематериалына назар аударалық.

19 наурыз күні қазақстандықтар өз таңдауын жасайды. Жеті саяси партия мен бір мандатты депутаттыққа түсіп жатқандар бұл сайлаудан соң елге қандай өзгеріс әкеледі екен? Біздің білетініміз сайлаудан соң, қазіргі үкімет құрамы отставкаға кетеді. Жаңа депутаттардан құралған Парламент Мәжілісі министрлер кабинетінің жаңа құрамын жасақтайтын болады. Ол процес қалай жүреді? Президент Мәжіліске премьер-министр лауазымынан бастап, барлық министрлік қызметтерге кандидаттарды ұсынады. Айтпақшы бұл жолы бір лауазымға бірнеше үміткер ұсынылуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары Президент ұсынған үміткерлерге дауыс береді. Бір ауыздан қолдап дауыс беруі де мүмкін. Тәжірибеде қалыптасқан жағдай. Ал бүгін өткен үкіметтің отырысы Смайылов бастаған министрлер үшін соңғы отырыс болды. Мұны шенеуніктердің өздері де сезіп тұр. Қазақстандық министрлер жылы орнымен қоштасуға дайын ба? Сайлаудан соң жаңа құрамда бүгінгі министрлерді көре аламыз ба? Қазіргі үкімет халық пен Президент сенімінен шыға алды ма? Бұл сұрақтарды лаузаымды тұлғалардың өздеріне қойып көрген едік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін елде кадр тапшылығы орын алып отырғанын айтқанды. Сондықтан, сайлаудан соң бүгінгі министрлердің кейбіреуінің бағы ашылып, жаңа құрамнан көріп қалуымыз да ықтимал. Олардың арасында министр болып тағайындалғанына екі-үш ай болғандар да бар. Өздеріңізге мәлім, қазіргі үкіметтің басым бөлігі қаралы қаңтар оқиғасынан кейін жасақталған болатын. Алайда бұл министрлер кабинеті келгелі елде инфляция шарықтап, қымбатшылық алқымдап жатыр. Сарапшылар ел экономикасының дамуына қатысты да сыни пікірлер айтып жүр. Әрине министрлер бұл жағдайды геосаяси ахуламен, әлемдегі дағдарыспен байланыстырады. Дегенмен, үкіметтің жұмысына әділ баға бере алатын тек халық. Ал халықтың жағдайы мәз деп айта алмайсың.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.