Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік жеке серіктестік жобасы жандануда

c 11:18, 23/01/2018 c 879

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік жеке серіктестік негізінде 14 ірі жоба іске асуда. Сұранысқа ие жобалар қатарында балабақшалар салу мен көшелерді жарықтандыру жұмыстары да бар. Бүгін жергілікті билік өкілдеріне осы саланың жай-жапсарын түсіндіруге арналған оқыту семинары өтті. Мемлекеттік жекеменшік серіктестігі батыс өңірінде әлі қарқынды дамымай тұр. Бұлай дейтініміз, былтырдың өзінде ғана, Қазақстан бойынша қолға алынған 253 жобаның 14-і ғана батыс өңіріне тиесілі екен. Алайда, көрші Ақтөбе облысында 100ден астам жоба қолға алынып, іске асып жатыр. Ал біздің өңірде бұл бағдарлама жұмысы неліктен ілгерілемей тұр? Бас орталықтан арнайы ат терлетіп келген мамандардың айтуынша, бізде балабақша салу, көшелерді жарықтандыру мен денсаулық сақтау саласына қажетті құрылғыларды алуға қызығушылық артып тұр. Ал мемлекет өз кәсібін мемлекеттің көмегімен, серіктестігімен ашамын деушілерге көмек қолын созуға дайын екен.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.