Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Медбикеге шабуыл жасалды

c 18:21, 21/09/2018 c 644

0:00 / 0:00

Оралда науқастың үйіне шақыртумен келген медбике соққыға жығылды. Оқиға 19 қыркүйек күні қала орталығында орын алған. Жәбір көрген медбике қалалық № 6 емханада жұмыс жасайды. Медицина қызметкеріне жасалған шабуыл қалың бұқараның жағасын ұстатты. Медбикені соққыға жыққан бұзақы қандай жазаға тартылады? Оның бұндай қадамға баруына не себеп болған? Осы және өзге сауалдарға арна тілшісі жауап іздеп көрді.

Куәгерлердің сөзінше, медбике науқастың халін білмек болып, шақыртылған мекен жайға барған. Сол кезде сырқат адам үйінде болмай, көрші үйдің ауласынан бір ер адам науқастың өз үйінде жатқандығын айтады. Медбике көрші үйдің ауласына еніп, үйге кірмек болғанда жаңағы ер адам медбикені ұстап алып, қылғындыра бастаған. Артынша медбикені соққыға жығып, үйіне сүйрепті. Алайда, үрейленген дәрігер бұзақының қолынан сытылып шығып, далаға қашады.

Медбикеге шабуыл жасаған ер адам оның сөмкесі мен телефонын тартып алған. Дәрігерлердің айтуынша, медбикенің денесінде соққы іздері мен мойнында қылғындырған қол ізі бар. Жапа шеккен жәбірленуші құқық қорғау органдарына арызданған

Медицина мекемесінің өзге де қызметкерлері оқиға орын алғаннан бері қауіпсіздіктеріне алаңдап отыр. Емхана әкімшілігі келешекте науқастардың үйіне дәрігерлерді жүргізушілермен немесе ер дәрігерлерлермен бірге жібереміз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.