Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МӘЖІЛІСТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС

c 09:35, 02/02/2022 c 430

0:00 / 0:00

Кешеден бергі Парламент Мәжілісінің төрағалығына кім келеді деген гу-гу әңгімеге бүгін нүкте қойылды. Нұрлан Нғыматулин өз еркімен Парламент Мәжілісінің төрағасы міндетін бас тартып, отставкаға кетті. Ал оның орнына мәжіліс депутаттары өз ішінде ашық дауыс беру арқылы Ерлан Қошановты сайлап алды. Үш шақырылым бойы Мәжілісті басқарып келген Нұрлан Нығматулиннің жайлы орнынан бас тартуына не себеп болды? Жаңа спикер Қошановтан не күтеміз? Депутаттардың пікірін білген тілші бейнематариалынан.
Қаңтар оқиғаларынан соң елде күнде ауыс-түйіс орын алуда. Тіпті, алдын-ала қандайда бір лауазымды тұлға қызметінен кетеді деген әңгіме тарай бастайды. Одан әрі әлеуметтік желідегі белсенділер өз тарапынан кандидатураларын ұсынып, пікір-талас орнайды. Алайда, кімді қайда тағайындауды жоғарғы жақ өзі шешетіні мәлім ғой. Ал күні кеше Парламент Мәжілісін 10 жыл бойы басқарып келген Нұрлан Нығматулин отставкаға кетеді деге гу-гу әңгіме тараған еді. Бүгін сол қауесет расталды. Нығматулин әріптестеріне жайлы орыннан кететін айтты.

Осылайша ел үшін атқарған ерен еңбегін сөз етіп Нығматулин Парламентпен қош айтысты. Билік партиясының депутаттары мәжіліс төрағалығына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды. Бұл ұсыныс бірауыздан қолдау тауып, мәжілісмендер ашық дауыс беріп, су жаңа төрағасын сайлап алды. Ерлан Қошанов Қарағанды облысының әкімі болғаны да есімізде. Ал бүгінгі күнге дейін Президент әкімшілігін басқарып келген еді. Өз кезегінде жаңа спикер ерекше мәртебеге ие болғанына риза болды.

Ал Ақжол мен Коммунистер партиясынан төрағалыққа үміткер ұсынылмады. Себебі 107 депутаттың 76-ы НұрОтаннан сайланған. Бұл орайда кандидатты ұсынғанымен, үміт жоқ дейді депутаттар. Айта кетейік су жаңа спикер мәжіліс депутаттығына партиялық тізіммен өтіп отыр. Енді жаңа төраға Қошановтан не күтеміз? Ол Нығматулин сияқты үкіметке өктемдік көрсете ала ма? Мәжілістің саяси белсенділігі қандай болмақ?

Үш шақырылым бойы Мәжілісті басқарып келген Нұрлан Нығматулиннің жайлы орнынан бас тартуына не себеп болды? Депутаттар үшін де бұл күтпеген жағдай болған екен.

Айтпақшы, Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысы жабық есік түрінде өтті. Омикрон штамының таралуына байланысты есігін тарс жауып алған Парламент бұл отырысты онлайн режимде де көрсетпеді. Парламенттегі ауыс-түйіс жайыгда толығырақ ақпарат алу үшін тілшілер депутаттардан Мәжілістің кіре берісінде және сыртта сұқбат алуға мәжбүр болдық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.