Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мардымсыз интернет машақаты

c 16:50, 01/02/2021 c 315

1-ші саяжайда тұратын Әсем осылай тым баяу интернеттің жылдамдығын бөлменің әр бұрышынан іздеп, сабағын әрең оқиды. Екінші сыныптың оқушысы кезекші сыныпқа барып, оқу бағдарламасын меңгеруде. Әсемнің анасы өткен оқу жылында тек уатсабтың көмегімен білім алғандарын жасырмайды.

"Елочка" саяжай қоғамдастығының тұрғындары бірнеше жылдан бері ғаламтордың мардымсыз жылдамдығынан зардап шегіп отыр. Аталмыш проблема пандемия кезінде үдей түскен. Ел-жұрттың бәрі үйден қашықтан жұмыс жасап жатқан кезде саяжайды паналап отырған жандар қымбат модем алып, үйдің әрбір бұрышынан жылт еткен интернетті іздеуге мәжбүр.

Облыстық білім басқармасынан ғаламтор жылдамдығы баяу, үйінде компьютері, ұялы телефоны мен интернеті жоқ балаларды қалай оқытып отырғанын сұрадық. Мамандардың жауабы мынандай.

Жалпы БҚО-да 106 елдімекенге интернет бармаған. Ғаламторға кіретін мүмкіндігі жоқ ауылдардың 98-інде тұратын халықтың саны 250 адамнан аз болса, 8 елдімекенде адам саны межелі көрсеткіштен көп екен.

2020 жылы министрліктің тапсырмасы бойынша, ауылдық жерде адам саны 250 адамнан көп болса, 3ж/4ж технологиясымен мобильді интернет жүргізу керек деп бастама көтерілген еді. Бүгінде осы жоба аясында 70 ауыл жылдамдығы жоғары ғаламторға қол жеткізіпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.