Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мансап күні

c 17:15, 23/05/2019 c 804

0:00 / 0:00

Еңбек нарығында жас мамандардың уақытылы жұмысқа орналасуы жоғары оқу орындарын бағалауда маңызды факторлардың бірі болып есептелінеді. Әрбір оқу орыны барынша түлектерін жұмыспен қамтып, оқу процесі барысында шәкірттерінің бәсекеге қабілетті кадр болуы үшін барынша теориялық білім беруге тырысып бағады. Биыл Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін 1100-ден астам күндізгі бөлімнің студенттері тәмамдап шықпақ. Жас мамандардың қызметке орналасуы үшін аталмыш оқу ордасы арнайы "Мансап күнін" ұйымдастырды. Негізгі мақсат: жоғарғы оқу орынын аяқтаған студенттерге жұмысқа тұруына жәрдемдесу. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға биыл 100-ге тарта жұмыс беруші мен 500-ден астам студент қатысқан болатын. Жұмыс берушімен тікелей сұқбаттасып, олардың талап-тілегін естіген студенттер бұл шараның берері мол деген пікірде.

Ақ жайық өлкесінде 87 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан университеттің бүгінде бағындырған белесі көп. Аталмыш оқу ордасы өткен жылы нақты жұмысқа орналасқан түлектер бойынша 101 оқу орындарының ішінде 12- орынға табан тірепті.

Былтыр Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті түлектерінің 86,4 пайызы жұмысқа орналасқан. Шәкірттерді жұмысқа орналастыруды көздеген "Мансап күні" келешекте де өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.