Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мамандар марапатталды

c 17:31, 05/08/2019 c 433

0:00 / 0:00

Көлік саласы мамандарының кәсіби мерекесі!
Өткен демалыс күндері елімізде және өңірімізде күллі көлік саласы мамандары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Жолаушылар өмірінің қауіпсіздігі мен жайлылығына жатпай-тұрмай қызмет жасап жүрген саланың үздік мамандары өздерінің төл мерекелерінде назардан тыс қалмады. Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филормонияда өткен салтанатты жиында жұмыстың жауаптылығы мен қиындығына қарамай дараланған мамандарды облыс әкімінің орынбасары марапаттап, мерекемен құттықтады.

Биылғы жарты жылдықта өңірімізде 212 млн жолаушыға қызмет көрсетіліп, 18 млн тонна жүк тасымалданған. Ел экономикасының да өсуі үшін көлік саласының қарқынды даму керектігі бесенеден белгілі. Бүгінгі таңда ел аумағында көлік саласын дамытуға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасы жұмысын жемісті жалғастыруда.

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында бірнеше жылдан бері қала ішілік маршруттағы автобустар ауыстырылып, автовокзал ғимараты жаңартылып, әуежай терминалы күрделі жөндеу өтуде. Бұның барлығы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталып отыр. Жолаушылар амандығын жауапкершілігіне алып, осы жолда бас алмай жұмыстанып жатқан азаматтардың еңбегі зор.

Кәсіби мерекеге орай үздік деп танылған мамандар облыс және қаланың әкімінің алғыс хатымен марапатталып, мерекелік кеш өңір өнерпаздарының әзірлеген концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.