Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Малым жанымның садағасы

c 17:06, 16/06/2020 c 459

0:00 / 0:00

Малын жайылымға шығара алмаған жұрттың кәсіпкермен арадағы даулы мәселесін қарауға комиссия құрылды. Батыс Қазақстан облысында бүтін бір ауыл қорадағы малын жайылымға шығара алмай отыр. Өйткені Социализм ауылындағы шаруа қожалықтарының бірі төрт түлік су ішіп жүрген тоғанға баратын жолды қазып тастаған. Енді тұрғындар бизнесменмен дауласып жатыр. Ал әкімдік арнайы комиссия құруға мәжбүр болды.Социализм ауылының аты затына сай болмай, жер мен көлге қатысты елдің ортақ дүниесі қалмаған. Қалтасы қалыңдары жайылымдық жерді әлдеқашан сатып алған. Енді шаруа қожалығының иелері ауыл малын суаратын көлге де ешкімді жолатпай отыр. Тіпті төрт түлік өте алмастай етіп, сол маңды айнала қазып тастапты. Социализм тұрғындары шаруа қожалықтары иелерінен «көресіні көрдік» деп отыр. Көл маңайын жыртқан да сол кісілер көрінеді. Онымен қоса жеріне кірген мал «аман шықпайды» дейді тұрғындар.Ауыл тұрғындарының төрт түлігін жайылымға шығара алмай отырғанынан Теректі ауданы басшылары да хабардар екен. Бұл мәселе шешілгенше мұндағы төрт түлік бұрынғысынша жайылымға шыға алмай, ауыл ішінде жайылып жүруге мәжбүр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.