Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МАЛ ДӘРІГЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕ МЕ?

c 19:24, 04/04/2022 c 523

0:00 / 0:00

Мал дәрігерлері ең төменгі жалақы алатындар қатарында. Сондай-ақ мал ауруымен күресіп, денсаулығына қауіпті ортада жүретін ветеринарларды әлеуметтік-сауықтыру қарастырылмаған. Ал қазір өңірлерде мал дәрігерлерін қысқарту жүріп жатыр. Нәтижесінде тәжірибелі ветеринарлар қысқартуға түсуде. Онымен қоса, кей облыстарда ветеринарлық басқармалар атымен жоқ. Азық-түлік қауіпсізігіне зерттеу орталықтары жабылып қалған аймақтар да бар. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндаған еді.Өкінішке орай министрдің есебіне көңілі толмаған депутаттар Қарашөкеевті сыни сұрақтың астына алды.
Мәжіліске сайланып келген Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев ветеринария саласында атқарып жатқан жұмыстарын баяндағанымен, депутаттар тарапынан қарша жауған сыни сұрақтардан сүрініп, бәрін талқылаймыз, шешеміз деген уәдемен құтылды. Жергілікті жерлерде ветеринар тапшы бола тұра, тәжірибелі мамандарды қысқарту жүріп жатыр дейді депутаттар. Министрлік реформа жасаймыз деп, шаш ал десе, бас алдының керін жасауда.

Онымен қоса, кей өңірлерде ветеринарлық басқармалар атымен жоқ. Зерттеу орталықтары жабылып қалған аймақтар да бар. Депутаттар ауыл шаруашылық министрлігі Президенттің тапсырмасын қасақана орындамай отыр деп сынады.

Министр Қарашөкеев бұл сұрақтан да қарастырамыз, шешеміз деген жаттанды жауабын айтып, құтылды.

Бүгінде өңірлерде 7 мың ветеринар жұмыс істейді. Республика бойынша мал дәрігерлерінің орташа жасы 40-55 жасты құрайды. Мал дәрігерлері ең төменгі жалақы алатындар қатарында. Олардың алып отырған орташа айлығы 70 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ мал ауруымен күресіп, денсаулығына қауіпті ортада жүретін ветеринарларды әлеуметтік-сауықтыру да қарастырылмаған. Мәжілісмендерді көтерген мәселені бірі-мал дәрігерлерінің жалақысын өсіру болды.

Сондай-ақ ауыл шаруашылық министрі ветеринар тапшылығын ветеринарлық мамандықтар бойынша ауылдық квотаны бүгінгі 30%-дан 70%-ға дейін ұлғайту арқылы шешпек. Ұлттық экономика министрлігінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ветеринарларға көтерме жәрдемақы мөлшерін 20%-ға арттыру туралы ұсыныс дайындалып жатқан көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.