Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәдениет үйінің құрылыс басталды

c 17:24, 17/02/2020 c 570

0:00 / 0:00

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласында 900 орындық концерт залы бар Мәдениет Сарайының құрылысы басталды. Өткен жылдың күзінде іргетасы құйылған нысан басында қазір қызу тірлік. Тіпті уақытынан да ерте аяқталып, ел игілігі жолында пайдалануға берілуі де мүмкін көрінеді. 3 қабаттан тұратын мәдени нысан облыстағы ең ауқымды, әрі келбеті келісті жаңа ғимарат ретінде көпшіліктің көңілінде қалып қана қоймай, тұрғындар рухани азық алатын айтулы өнер ошағына айналмақ. Мәдениет сарайының құрылысына қазірдің өзінде 200-ге жуық жұмысшы тартылыпты. Нысан 5-ші шағынауданда орналасуда.
Мәдениет ошағының құрылысына қаржы жер қойнауын пайдаланушы шетелдік комапния есебінен қаралған. Мәденеите сарайы пайдалануға берілген соң 60 адамға жұмыс орны ашылатын болады. Жоба бойынша 926 көрерменге орын болса, оның 121-1 балконда орналаспақ. Ал сахна 360 градусқа айналып тұратын болады. Сонымен қатар, түрлі жиындарға арналған конференция, көрме залы және дәмхана бір жерде болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.