Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәдениет нысандарының жұмысы

c 17:54, 27/08/2020 c 449

0:00 / 0:00

Қазақстанда 31-тамыздан бастап карантин талаптары бәсеңдейді. Енді жұмыстары шектеулерге байланысты тоқтап тұрған мекемелер өз жұмысына қайта кіріспек. Дүйсенбіден бастап мәдениет ошақтары келушілерге өз есігін айқара ашып, азаматтарға қызмет көрсетеді.

Пандемияның кесірінен көптеген мәдениет ошақтары өз жұмыстарын тоқтатып, бұрынғыша концерт пен экскурсия ұйымдастырмай, адам көп жиналуға рұқсат берілмеген еді. Енді барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, меймандарды қабылдамақ. Күшейтілген карантин уақытында мәдениет саласының қызметкерлері онлайн концерт беріп, түрлі байқауды онлайн ұйымдастырған болатын.

Жаңа вице-премьердің шешіміне сәйкес енді мәдениет нысандары келушілерді бұрынғыдай қабылдамай бермек. Тек барлық санитарлық талаптарды сақтауы шарт. Қалалық кітапхананың қызметкерлері: "Карантин кезінде қашықтан отырып, түрлі шараны ұйымдастырдық. Енді оқырмандармен бірлесе түрлі шараларды өткізуге дайынбыз,- дейді.

Қалалық Максим Горький атындағы кітапхана 1932 жылы өз жұмысын бастап, күні бүгінге дейін оқырмандарға қызмет көрсетіп келеді. Кітапхананың 19 филиалы облыс орталығы мен қала іргесінде орналасқан. 650 мың кітап нысанның қорында сақталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.