Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қысқы маусымға дайындық пысықталды

c 18:09, 09/08/2021 c 1160

Алдымен өңірге инвесторлар тарту мәселесі қаралды. Яғни, жұмыссыздықпен күрес басты назарда. Оның үстіне пандемия кезінде көптеген жұмыс орнының жабылып қалғаны да жасырын емес. Осы орайда мемлекеттен көмек ұдайы көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда аумақта атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 15 пайызға азайған. Ақжайық пен Жәнібек аудандарын қоспағанда барлық аудандарда бұл бағытта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілген.Одан әрі қарай қысқы маусымға дайындық жұмыстары пысықталды. Мәселен, қазір облыста күздік бидай жинау жұмыстары аяқтала келген. Енді көкөністерді жинау шаралары жүргізілуде. Ең өзекті мәселе-мал азығын орып алу. Осы орайда ауыл шаруашылығы саласының мамандары облыста төрт түлікке қажетті жем-шөп жинау жұмыстары да уақытылы жүргізіліп жатырғаны айтты. Бұл жерде мал азығы аумаққа толықтай жететіндей жиналған соң ғана өзге облыстарға көмек берілуі тиіс екеніне де баса мән берілді. Ал қысқы маусымда облыстық, республикалық маңызы бар жолдардағы қар аршу шараларына «Қазавтожол» АҚ жауапты. Мекемеде техникалардың 40 пайызы жетіспейді. Сол себепті қосымша техника тарту мәселесі қаралуда.Лездемені қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев алдағы маусымдық жұмыстарға дайындық әлі де болса пысықталатынын атап өтті. Оған қоса аудан әкімдері мен басқарма басшыларына "кәрі құдаң қыс қаһарына мінген шақта" қиындық туындамас үшін маусымдық мәселелерді бүгіннен бастап шешу қажеттігін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.