Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Қыс - 2019»

c 17:21, 06/11/2019 c 682

0:00 / 0:00

Бүгін Оралда төтенше жағдайда жұмыла жұмыс істеуі тиіс қызмет түрлері дайындықтарын пысықтады. «Қыс - 2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы кезінде шартты түрдегі оқыс оқиғалар әзірленіп, құтқарушылар, полиция департаменті, жедел жәрдем, коммуналдық қызмет түрлері дабылмен көтерілді. Жаттығу кезіндегі сынақ 6 қабатты үйде жарылыстан тұрғындарды құтқару шараларынан басталды. Мұндай сын сағаттармен құтақарушылар салқын маусымда жиі бетпе-бет келіп жатады. Оқу жаттығу шарасы Оралдағы №37 мектеп маңындағы бос ғимаратта болды. Оқу жаттығу шаралары барысында жаралыс салдарынан көлік те өртке оранып, құтқарушылар жалынның өршуіне жол бермеді. Абырой болғанда үй мен көліктегі тұрғындар толықтай қауіпсіз жерге көшірілді. БҚО ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашевтың айтуынша құтқарушылар биылғы маусымға сақадай-сай. Техника сайланып, жанар-жағармай толықтай алынған. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 208 құтқару бекеті бар. Оқу жаттығу кезінде зардап шеккендер жоқ. Берілген тапсырмалар ойдағыдай орындалды. Құтқару қызметінің басшылары «Қыс - 2019» оқу жаттығуы ойдағыдай өткенін хабарлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.