Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс қарқыны

c 16:04, 14/04/2020 c 598

0:00 / 0:00

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Қазіргі таңда облыс орталығында көпбейінді мәдениет ошағының құрылысы жүріп жатыр. Ғимараттың жалпы шаршы ауданы 20 мың шаршы метрге жуықтайды. Мәдениет ошағында 926 адам сыйатын концерт залы, екі конференция залы, көрме мен экспозициялық зал болмақ.

Облыс орталығында заманауи, көркі көз тартар, көп көрермен бір уақытта отырып концерт көретін, мәдени шара ұйымдастыратын нысан жоқ. Осы мәдениет ошағының жоқтығын Ақжайық өңірінің тұрғындары айтып жүрген-ді. Міне, сабақты ине сәтімен демекші, көптен күткен мәдениет ошағының құрылысы өткен жылдың жаз айында басталды. Қазіргі таңда ғимараттың қабырғасы қалануда. Сала мамандарының сөзіне сенсек, нысанның жалпы ауданы 20 мың шаршы метрге жуықтайтын көрінеді.

Сондай-ақ Орал қаласында №33 мектептің құрылысы басталды. Ет комбинаты ауданында орналасқан бұл білім ордасының бұрынғы ғимараты өткен ғасырда бой түзеген еді. Осы құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында басталды. Құрылысшылар биылғы жылдың аяғында жұмыстарды толыққанды аяқтаймыз деп отыр.

Облыс орталығында орналасқан "Жеңіс" алаңында да жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда алаңда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 62 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Сала мамандары алаңның жарықтандырылуын, көгалдандыру мен "Мәңгілік алау" тұсындағы граниттен жасалған тақтайларды алмастыру сынды жұмыстарды мамырда айында аяқтамақшы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.