Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚТЖ» ҚАРЫЗҒА БЕЛШЕДЕН БАТЫП ОТЫР

c 12:24, 16/02 c 31

0:00 / 0:00

Қарызға белшеден батып отырған «Қазақстан Теміржолы» компаниясы бұл мәселені қалай шешпек. Соңғы он жылда мемлекет Қазақстан теміржолына 1 трлн. теңгеге жуық қаржы құйды. Сөйте тұра, компанияның қарызы 3 триллионға жуықтаған. Бұған дейін де депутаттар прокуратурадан ұлттық компанияға қаржылық талдау жасауды және алынған қарыздардың мақсатты жұмсалуын тексеруді сұраған болатын. Әзірге оның нәтижесін көріп отырған жоқпыз. Ал ҚТЖ-ң қазіргі қарызы 2,9 трлн теңгені құрап отыр. Кірісі 1,9 теңге көлемінде.

ҚТЖ компаниясының басшысы қарыздан құтылудың бір жолы тарифті өсіру деп отыр.

Поездардың жүйелі түрде кешігуі, қызмет көрсету сапасының төмендігі, теміржол вкозалдарының тозғаны жайныда да депутаттар сөз қозғады. Елде 59 темір жол вокзалы болса, соның 55-нің тозығы жеткен. Сенаторлар вокзалдардың бүгінгі күйі санитарлық нормаға сай емес, әбден тозған деп сынады. Түркістан, Қызылорда, Шымкент және Павлодар қалаларындағы темір жол вокзалдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ал қалғандарына мүлдем қаржы бөлінбеген, жағдайы да төмен.

Көлік министрінің айтуынша, әр вокзалдың өз табысы 50-60% ғана қамти алады. Енді вокзалдарды жөндеуге жыл соңында бюджеттен қаржы қарастырады. Ал "Қазақстан темір жолы" компаниясының вокзалдарды жөндеуге шамасы жетпейтін көрінеді. Компания өз ақшасы вагон алуға, локоматив алуға жұмсайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.